Кітапханаға_Сыйлық
#Кітапханаға_Сыйлық
Біздің тұрақты оқырманымыз кәсіпкер Бисеитов Азамат Алтайұлы өзінің жеке кітапханасынан Бодо Шефердің «Пёс по имени Мани» атты 4 кітабын кітапханамызға сыйлады.
Бұл кітап — оқырманының сенуге және армандардың орындалуына көмектеседі, қарыздардан қалай құтылуға, қаржыны дұрыс бөлуге және инвестициялауға үйретеді. Балаға да ақша табудың әртүрлі мүмкіндіктерін көрсетеді. Банктер, депозиттер, инвестициялық қорлар, акциялар, биржалар, инфляция т.б.
Мұның бәрі оңай әрі таңқаларлықтай баяндалады. Кітап әр отбасылық кітапханаға қосылуға лайық.
Сондықтан оны балаларға және ересектерге оқуға шақырамыз!
#ӘлФарабиКітапханасы
#Кітапхана