Жаңалықтар

Құрметті оқырман!

Құрметті оқырман!

Кітапхананың "Мерзімді басылымдар секторы" оқырмандарын əлем елдерінде брендке ие "NATIONAL GEOGRAPHIC" басылымымен таныстырады.

Журнал қазіргі уақытта əлемнің 38 тілінде 80-ге жуық елге таралған. Негізгі бағыты - табиғат, қоршаған орта мəселелері, тарих, археология, мəдени мұралар. Аталмыш журналдың тарихы 1888 жылдан бастау алады.

Журналдың бас кеңсесі Вашингтон (АҚШ) қаласында орналасқан. Мерзімді басылымның Қазақстандық нұсқасы - Қазақстанның тарихи-мәдени мұраларын әйгілеуге арналған.

Басылымның басты ерекшелігі - кəсіби тұрғыда жоғары бағаланған сапалы суреттер ғана басылым бетіне жариялауға жолдама ала алады.

Елімізде журналдың қазақ тілді нұсқасының бірінші саны 2016 жылы жарыққа шыққан.

Кітапханамызға келіп, журналдың, толық сандарымен танысуға мүмкіндіктеріңіз бар!

Даурен Болыс

Ханзада Есенова

#ӘлФарабиКітапханасы #Кітапхана