Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» кітабын ұсынамыз
Құрметті кітап сүйер оқырман!
Назарларыңызға қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» кітабын ұсынамыз. Аймауытов қазақ әдебиеті мен мәдениетінің тарихында аса бай құнды әдеби мұра қалдырды. Аталмыш жинаққа жазушының «Ақбілек» романы мен «Күнікейдің жазығы» повесі еніп отыр. Аймауытов бұл шығармаларында сол бір аласапыран жылдардағы қазақ ауылы өмірінің шындығын, адамдар тағдырындағы өзгерістерді, ел тұрмысын, заман тынысын кеңінен суреттейді.
Кітап көпшілік оқырманға арналған.
Кітаптың электрондық нұсқасын мына сілтеме арқылы оқуларыңызға болады: http://kazneb.kz/site/catalogue/view?br=398940
#КазНЭБ
#Кітапонлайноқу
#ЖүсіпбекАймауытов
#Ақбілек