Жаңалықтар

Зейнеп Ахметованың «Күретамыр» кітабын ұсынамыз

Құрметті әдебиет сүйер қауым!

Назарларыңызға жазушы, ұлт руханиятының жанашыры. Зейнеп Ахметованың «Күретамыр» кітабын ұсынамыз. Кітапта қазақ халқының салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, ырым-тыйымдарына қатысты мол мағлұмат беріледі. Тағылымды ақыл-кеңестер арқылы бұрынғы заман мен бүгінгі замандағы жаңаны ұштастырып, ұлттық болмыстан айнымай, қазақы тәлім-тәрбиенің мәнін ұғындырады. Кітапта құрсақ шашудан бастап, баланың алғашқы мүшелігіне дейінгі аралықтағы салт-дәстүр, жөн-жоралғылар барынша қамтылған.

Кітаптың электронды нұсқасын мына сілтемеден оқи аласыздар: http://kazneb.kz/site/catalogue/view?br=1567651

#КазНЭБ

#Кітапонлайноқу

#ЗейнепАхметова