Жаңалықтар

«2021 жыл – Балалар әдебиеті»

Қадірлі оқырман қауым!

Білімге құштар бүлдіршіндер!

Кітапхананың Мерзімді басылымдар секторы назарларыңызға «2021 жыл – Балалар әдебиеті» жылына орай республикалық «Мәдениет» журналының №3 санына Тортай Бекеттің «Балаларға арналған туындылар артып келеді» атты мақаласын оқуды ұсынамыз.

Автор мақалада балалар әдебиетіне үлес қосқан қазақтың адуынды қаламгерлері мен олардың шығармаларын саралап, қазіргі таңдағы балалар әдебиетіне қалам сілтеп жүрген ақын-жазушыларға тоқталып өтеді.

Балалар әлемінің рухани әлемін сан қырынан аша түскен ақын-жазушылар мен олардың туындыларымен танысқыңыз келсе, мақаланы оқуға кеңес береміз!

Мақаланың толық нұсқасымен мына сілтеме арқылы таныса аласыздар: https://madeniet.art/?p=525

#Мәдениет_журналы