Жаңалықтар

Құрметті оқырман!

Құрметті оқырман!

Кітапхана қоры физика - математика ғылымдарының кандидаты, доцент Мағрипа Жылқыбаеваның үш томдық ғылыми маңызы зор кітаптарымен толықты.

Автор бұл еңбектерде - Жамбыл жыраудың өміріне көңіл аударып, 50 жыл бойы зерттеу барысында қоршаған дүниедегі тылсым күштердің осы кезге дейін ашылмай келген сырларын ұғуға мүмкіндік туғанын жеткізеді.

Ал, 2 және 3 томдарында Есік қорғанынан табылған Алтын адамның күміс зереншесіндегі 26 таңбаны оқып, оның әрбіреуінің шифрын ашып, мәтін шығаруға автор отыз жыл уақытын жұмсаған. Бұл кітаптағы мәліметтер аса құнды мұра - Алтын адамның күміс зереншесіндегі жазуынан алынған.

1-кітап. Құпия күштер құдіреті

2-кітап. Алтын адамның мұрасы

3-кітап. Алтын адамның аманаты

#Жаңа_кітап