«ОТЫРАРЛЫҚ ОТЫЗ ҒАЛЫМ»
Қадірлі оқырман қауым!
Назарларыңызға «Жұлдыз» журналының №3 санында жарық көрген Әбдісаттар қажы Дербісәлінің «ОТЫРАРЛЫҚ ОТЫЗ ҒАЛЫМ» атты мақаласын ұсынамыз.
Ислам – адамзат тарихына айрықша үлес қосқан үлкен өркениет. Оның туы желбіреген жерлерде әрдайым білім мен ғылым гүлденіп, адамзат адамгершілік пен парасат шыңына көтерілген. Шөліркеген даладай қуаңсып, суалған көлдей құлазыған мекендер исламның келуімен көгалды шалғын, көк майсалы жерге айналды.
Жұрттың көпшілігі күні бүгінге дейін тек Әбу Насыр әл-Фарабиді ғана біледі. Шынында да Отырар тек Әбу Насырды ғана берді ме? Біздің зерттеулеріміз Отырардан 30-дан астам майталмандардың шыққанын көрсетіп отыр. Олар әртүрлі ғылым, білім, мәдениет пен дін салаларының өкілдері. Бірқатарының өмірі жайлы мағлұматтар, еңбектері біздің заманымызға жетсе, бағзылары туралы деректер бірер жолдардан аспайды. Әйтсе де олар біз үшін аса қымбат.
Енді солардың өмірі мен шығармашылығына қысқаша шолу жасап көрелік.
Мақаланың толық нұсқасымен мына сілтеме арқылы оқи аласыздар: https://juldyz.info/otyrarly%d2%9b-otyz-%d2%93alym/