«Журналист тұлғасы – ұлт айнасы»
ЖУРНАЛИСТ ТҰЛҒАСЫ – ҰЛТ АЙНАСЫ
2021 жылғы 22 сәуір күні Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханада «Журналист тұлғасы – ұлт айнасы» тақырыбында белгілі журналист, «Шымкент ақпарат орталығы» Директор - Бас редакторы Бақтияр Тайжанмен «келешекте журналист мамандығына ие болам» деген жастардың қатысуымен еркін форматта кездесу кеші өтті.
Журналистика саласында ерекше еңбегімен ел жүрегінен орын алған заманымыздың дара журналисі Бақтияр Тайжан келешекте журналист болам деген жастарға өзіндік ақыл-кеңестерін айтып, ойға түйер дүниелерді жеткізе білді.
Рухани кездесу кешінде журналистердің қоғамдағы орны, ел алдындағы жауапкершілігі, қазіргі қазақ баспасөзінің халі, «журналистика этикасының табиғаты» сынды мәселелер аясында тағылымды, мағлұматы мол сұхбат өрбіді.
#Бақтияр_Тайжан
#Журналистика