Жаңалықтар

"Тағдырыма тәнтімін"

Бүгін Әл-Фараби атындағы әмбебап-ғылыми кітапханамызда ақын, бірнеше жыр жинақтардың авторы Ербек Бакиевтың "Тағдырыма тәнтімін" кітабының таныстырылымы өтті. Аталмыш кеште ақынның өлеңдері оқылып, өлеңдеріне жазылған әндер шырқалды. "Тағдырыма тәнтімін" кітабын іздеген оқырмандар болса, енді кітапханамыздың қорында бар. Кештің қалай өткендігі жөнінде төмендегі суреттер сөйлесін.