Құрметті оқырман!
Кітапханамыздың кітап қоры көрнекті түрік жазушысы, Нобель сыйлығының лауреаты Орхан Памуктың «Жаңа өмір», «Менің атым Қырмызы», «Сезім музейі», «Үнсіз үй» атты шығармаларымен толықты.
Автордың «Жаңа өмір» шығармасы жас жігіт оқыған бір кітаптың әсерінен өзін-өзі ұмытып, мүлде бейтаныс дүниеге күмп берген Стамбұлдық кітапқұмар студент жайлы сөз етіледі.
«Менің атым Қырмызы» романында Осман империясының құлдырау кезеңі басталған тұстағы бірқатар оқиғалар көрініс табады.
«Сезім музейі» романында бизнесмен жігіт Кемал мен жас сұлу Пүсін арасындағы тартысқа толы махаббат хикаясы баяндалады.
«Үнсіз үй» романында әр тараудан кейіпкерлердің ішкі монологын тыңдаймыз. Шаң басып қалған меланхолияға, бір сарындылыққа толы болып келе жатады да, кенеттен жас кейіпкерлер пайда болып, үнсіз үйді ұйқысынан оятқандай болған дүрбелең алып келеді...
Бұл кітаптар түбі бір түркі жұртының тарихын, мәдениетін тануға таптырмас тамаша дүние.