Жаңалықтар

Қуат Дәуренұлы медицина тілімен жазылған «Жасуша ішіндегі жалғыздық»

Бүгін кітап ордасында Дүниежүзілік денсаулық күніне орай азаматтығы мен ақындығын қатар алып жүрген ақ халатты абзал жан Қуат Дәуренұлымен денсаулық сағаты өтті. Дәрігер-маманмен кездесуде оқырмандарымыз денсаулыққа қатысты, өздерін мазалап жүрген сұрақтарын жолдап, дәрігердің кеңесіне құлақ түрді. Қуат Дәуренұлының қатерлі аурумен күресте көрсеткен қажырлы еңбегі туралы да айтып өткеніміз дұрыс. Қатерлі індетті жұқтырған әр жанның дертіне шипа іздеп, ауруынан айыққан әр жанның қуанышынан бақыт тапқан кейіпкерімізді бүгінгі күннің Батыры деп айтуға әбден лайықты. Ел үшін қызмет етіп жүрген Қуат Дәуренұлы медицина тілімен жазылған «Жасуша ішіндегі жалғыздық» атты жыр жинағынан өз өлеңдерін де оқып берді.

Қызметкерлеріміз сіздерді кітапханамыздың бай мұрасымен қауыштырып қана қоймай, сіздегі басты байлық денсаулықты сақтау үшін де барынша еңбек етуде. Барша адамзат алдында тұрған қатерлі індетпен күресте дәрігер Қуат Дәуренұлының бізге айтқан құнды ақпараттарымен сіздермен де бөлісіп отырмыз:

1. Әрдайым бетперде тағып жүру;

2. Қолыңызды жиі жуып, антисептик қолдану;