«Үлкен ел – үлкен отбасы»
Құрметты оқырман!
2021 жылғы 15 наурызда кітапхана қызметкерлері көру қабілеті бұзылған балаларға арналған «Үміт» мектеп-интернатымен бірлесе, «Үлкен ел – үлкен отбасы» жалпыұлттық жобасы мен «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясын қолдау мақсатында «5б» сынып оқушысы Ибрагим Жанат пен «3б» сынып оқушысы Жұмабек Айбынның отбасына барып қайтты. «Менің отбасымның дәстүрлері» деп аталатын танымдық сағатта кітапханашылар балаларға арналған әдебиеттерге шолу жасап, қызықты мағлұматтар әңгімелеп, арнайы сый-сияпаттар табыстады.
Бейнероликті мына сілтеме арқылы көруіңізге болады: https://www.facebook.com/ms.otyrar/posts/848752592518323