Жаңалықтар

«Наурыз тойы – мерекем, салт-дәстүрім берекем»

Әл-Фараби кітапханасының ұйымдастыруымен 17 наурыз күні Көрме орталығында «Наурыз тойы – мерекем, салт-дәстүрім берекем» атты мерекелік жиын өтті. Жиында №127 мектептің мұғалімі А.Қайсарқызы өзінің талантты шәкірттерімен көрермен қауымға қолөнер бұйымдарын жасаудың шеберлік сабағын өткізіп, келушілерге өнерлі оқушылар қолынан шыққан ұлттық нақыштағы қолөнер туындыларының көрмесі ұсынды. Әрі қарай мерекелік жиын тұсау кесу дәстүрімен жалғасты. Бүлдіршіннің тұсауын шешу құрметі «сол кісідей үлкен азаматша болсын, биіктерден көрінсін» деген ниетпен Көрме орталығының директоры З.Әмзеқызына берілді. Іс-шарамыздың соңында кітапхана директорының орынбасары Г.Батырбайқызы №127 мектеп ұстаздарына алғыс хат табыстап, жиынды қорытындылады.