наурыз мейрамы құтты болсын!
Наурыз мейрамы – Самарқанның көк тасы еріп, күн мен түннің теңесіп, тіршілік атаулы жанданып, табиғат қайта түлейтін шақ. "Алты ай қыстың ақ қар, көк мұзы мен сақылдаған сары аязынан шаршап, көктемнің шуағын аңсаған шақта Жер Ананы бусантып, мейірім мен жылулық лебін ала келген Наурыз мейрамы құтты болсын! Қыс ызғары қайтып, төрт түлік мал төлдейтін, адамдардың аузы аққа, мал аузы көкке тиетін, жер бетіне шаттық орнайтын Наурыз құт әкелсін! Көктем құсы келіп, қысқы ұйқыдағы жануарлар оянатын қасиетті Ұлыс тойы оң болсын!
Бейнероликті мына сілтеме арқылы көруіңізге болады: https://www.facebook.com/ms.otyrar/posts/850743552319227