Аманқос Құлтанұлы Мектеп-тегінің «Жеті көсем» зерттеу еңбегімен толықты
Құрметті оқырман!
Кітапханамыздың кітап қоры филология ғылымдарының кандидаты, доцент Аманқос Құлтанұлы Мектеп-тегінің
«Жеті көсем» зерттеу еңбегімен толықты. Бұл еңбектің кейіпкерлері - автор пайымдағандай «мың жылда бір туатын» ұлттың ұлығ перзенттері.
Мұнда Алаш шежіресі, XX ғасыр басындағы ұлт зиялыларының жанкешті еңбегі және олардың өмірі мен шығармашылығының беймәлім беттері кеңінен ашылған.
Бұл кітапты оқып шыққан әрбір азамат Алаш рухымен тыныстап, ұлтымыз үшін өмірін арнайтындығына сенімдіміз!