М.И. Рудомино атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік шетел әдебиеттері
кітапханасы Ұлы Отан соғысының 80-жылдығына орай «Защитники отечества
в наших родословных» атты халықаралық акциясына қатысуға шақырады.

Акцияға 7-ден 17 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер, олардың отбасы
мүшелері, мұғалімдер, қосымша білім беру педагогтері, кітапханашылар,
жастар ұйымдарының өкілдері қатыса алады.

Акцияның мақсаты: отбасылық архивтен, ата-апаларымыздың әңгімелері
негізінде екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ата-бабаларымыз туралы
ақпарат жинау.

Акция мерзімі: 2025 жылдың ақпан-қыркүйек айлары аралығы.

Акцияға қатысу үшін оқиғаны төмендегі форматта дайындау ұсынылады:
бейне-ролик, слайд-шоу, презентация, PDF форматындағы құжат.

Қатысушылар дайын оқиғаны өздеріні әлеуметтік желідегі парақшасына
#OurAncestry_VGBIL2025 немесе #НашиЗащитники_ВГБИЛ2025 хэштегімен
жариялайды. Сондай-ақ, ұйымдастырушыларға international@libfl.ru
мекенжайына жіберуі керек.