Жаңалықтар

Кітапханашыларға арналған шешендік өнер сабағы ұйымдастырылды

????Кітапханашыларға арналған шешендік өнер сабағы 2025 жылғы 28 сәуірде Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында кітапханашыларға арналған арнайы шешендік өнер сабағы ұйымдастырылды.

♦️Іс-шараның мақсаты кітапханашылардың сөйлеу мәдениетін арттыру, көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдыларын жетілдіру және кәсіби қарым-қатынас деңгейін көтеру болды.

♦️Сабақты тәжірибелі маман, шешендік өнер бойынша тренер Гүлнұр Советханқызы жүргізді. Қатысушылар шешендік өнердің негізгі қағидаларымен танысып, тыңдаушылар алдында сенімді сөйлеу, ойды анық әрі әсерлі жеткізу тәсілдерін үйренді. Практикалық бөлім барысында дыбыстың анық шығуы үшін арнайы тыныс алу жаттығуларын орындап, нақты мысалдар арқылы білімдерін бекітті.

????Сабақ соңында кітапханашылар өз әсерлерімен бөлісіп, мұндай оқыту бағдарламаларының кәсіби дамуға зор үлес қосатынын атап өтті.

https://www.facebook.com/100064780246885/videos/1134264548717358/