Жаңалықтар

«Кітап оқу-жетістікке апарар жол»

⚜️Кітапханамызда кітап оқу арқылы жетістікке жеткен танымал тұлғаларды үлгі ету мақсатында «Кітап оқу-жетістікке апарар жол» жобасы аясында кездесу кеш өткізілді.

????Кеш кітапхана директоры, филология ғылымдарының кандидаты Жаппаркулова Анар Абусайылқызының алғы сөзімен басталды.

♦️Кеш қонақтары: Экология және табиғи ресустар министрлігінің кеңесшісі Махамбетов Азамат Сабитұлы, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі Түркістан облысы бойынша департаментінің тәрбиелік идеологиялық және кадрлық жұмыстар бөлімінің бастығы Рафиков Ерхат Досмугаметұлы,

Ө. Жәнібеков атындағы ОҚПУ- тің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доцентті, ф.ғ.к. Кажиакбарова Раушан Батыршақызы. Шымкент қаласы әкімінің аппараты жолданымдарды қараудың бас маманы Тойлыбаева Ақбота Жақсылыққызы.

♦️Кеш қонақтары жас оқырмандарға кітап оқу арқылы үлкен жетістіктерге жетуге болатыны жайлы өнеге аларлық ақыл-кеңестерін беріп, өздері оқыған кітаптары жайлы әңгімелеп, жастарды кітап оқуға шақырды.

????Көрмелік-бұқаралық, іс-шара секторының басшысы Алдабергенова Әйгерім «Қазағым» ,«Ана» әнімен кештің шырайын ашты.

????Кеш модераторы: Мейіржан Жақып

https://www.facebook.com/share/v/1EHo3UbB1L/